О мерах по организации социальных рабочих мест на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-112 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 34 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 34/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдаудың қоса ұсынылған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын қаржыландыру 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, 2011 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Басқа 7
Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 13/1 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Ережесі
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті уәкілетті органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар топтары;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – Теміртау қаласында халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органға өтініш береді және құрылтай құжаттарын әлде жеке кәсіпкер куәлігін ұсынады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігін, еңбекақыны уақытында төлеуін, жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормаларына сәйкестігін, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуын, уәкілетті органмен жасалған келісім әрекетінің мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмысты ұсыну мүмкіндігін ескереді;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің уәкілетті органмен жасасқан келісім шарттың негізінде уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе құру арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде келісім шарт жасасады, онда тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақысының көлемі мен талаптары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетілуі тиіс. Келісім шарт 6 айдан артық емес мерзімге жасалады. Жұмыс уақытша сипатта болады, және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақыны нақты істелген жұмысына төлейді.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің орындалуын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.