Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 80 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруғақосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы (келісім бойынша) құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясына:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 27, 28 баптарына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Поселке әкімдері өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды олардың жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Мақат аудандық орталық ауруханасына (Б.С. Ундасынов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру кезінде комиссия құрамын білікті маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен жинақтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу және ауруды алдын-алу мекемелерінен қажетті орын санын бөлу;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізу, сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Мақат аудандық ішкі істер бөліміне (Б. Капаров) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Г. Утешова) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскери қызметке шақыру кезінде техникалық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін.
Тармақ 8
8. Мақат аудандық қаржы бөлімі (И. Мажикеев) 2011 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес, шақыру учаскесінде және жиын пункттерінде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса, олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға жұмсаған шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Б. Ермеков) әскерге шақырылушыларды әскерге жөнелту кезінде мәдени іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.М. Бекмуханов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы аудан әкімі аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сагиевке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы А. Бекмуханов
11 сәуір 2011 жыл.
Мақат аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері Б. Ундасынов
11 сәуір 2011 жыл.
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Б. Капаров
11 сәуір 2011 жыл.
Басқа 23
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 11 сәуірдегі
№ 66 қаулысына қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға
аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Бекмуханов Альберт Маркистович
- Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша);
Кулжанова Нургуль Газизовна
- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
және әскери жұмылдыру бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрағасының орынбасары;
Насипкалиева Дария
- аудандық емхана меңгерушісі, медициналық
комиссияның төрайымы, (келісім бойынша);
Матжанов Сарсенбай Матжанович
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары,комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Рахманова Камха Зейнуллина
- мейірбике, комиссия хатшысы, (келісім бойынша)