Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста
Басқа 0
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Ердосов Күмісбек Жарылқасынұлы
-
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісімі
Тармақша бойынша
бойынша);
Өмірзақов Мұратбек Токсанбаевич
«Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің бас
инспекторы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Сегізбаев Болат Тұрмаханұлы
-
«Жамбыл облысы ішкі істер
департаментінің Т.Рысқұлов аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
(келісімі бойынша);
Джакияев Нұртай Қалиұлы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының хирургі, дәрігерлік
комиссияның төрағасы, (келісімі
Тармақша бойынша
бойынша);
Сүйінбаева Айнагүл Орынтайқызы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы (келісімі бойынша).
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Қарсыбаевқа жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
25.03.2011 жыл
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.С.Қойшыманов
25.03.2011 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Ш.К.Мырзалиев
25.03.2011 жыл