О корректировке показателей республиканского бюджета на 2011 год и о внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: 270) тармақшадағы «Жарлығының жобасын әзірлейді.» деген сөздер «Жарлығының жобасын әзірлейді;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 271) тармақшамен толықтырылсын: «271) тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.»;
Тармақша 2
2) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысында: 12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, екінші деңгейдегі банктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» АҚ арасында Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын қолдау бойынша әріптестік туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етсін.»;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде: 400 «Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру» деген бюджеттік бағдарламадан кейін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 039 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» деген бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын; «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кестеде: «2011 жыл» деген бағанда: «Қолданыстағы бағдарламалар» деген жолдағы «1 056 696 044» деген сандар «1 113 696 044» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «20 552 502» деген сандар «77 552 502» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 452 қаулысына 1-қосымша 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету мың теңге Функ­ци­о­нал­дық топ Ата­уы Өзге­рі­стер (+/-) Әкім­ші Бағ­дар­ла­ма 1 2 3 IV. Қар­жы ак­тив­те­рі­мен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша саль­до 0 Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу 0 013 Өзге­ле­рі 0 217 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі 57 000 000 039 «Қа­зақ­стан­ның тұр­ғын үй құ­ры­лыс жи­нақ бан­кі» АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту 57 000 000 233 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стр­лі­гі -57 000 000 050 Ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лі­гі мен ор­нық­ты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту -57 000 000
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 452 қаулысына 2-қосымша Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма 039 «Қа­зақ­стан­ның тұр­ғын үй құ­ры­лыс жи­нақ бан­кі» АҚ-ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту Си­патта­ма­сы «Қа­зақ­стан­ның тұр­ғын үй құ­ры­лыс жи­нақ бан­кі» АҚ тұр­ғын-үй құ­ры­лыс жи­нақ­тау жүй­е­сін да­мы­ту мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 16 сәу­ір­де­гі № 364 қа­улы­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­ның 2011 - 2014 жыл­дар­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­сын­да тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­ның кө­ле­мін сақ­тап қа­лу мақ­са­тын­да құ­ры­лы­сты одан әрі қар­жы­лан­ды­ру үшін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ді қор­лан­ды­ру­ға негіз­дел­ген мем­ле­кет­тің қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру көз­де­ле­ді. бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма тү­рі маз­мұ­ны­на қа­рай бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру іс­ке асы­ру тә­сі­ліне қа­рай же­ке ағым­да­ғы/да­му да­му бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма көр­сет­кіш­те­рі­нің ата­уы өл­шем бір­лі­гі есеп­ті жыл жос­пар­лы ке­зең жо­ба­ла­на­тын жыл жо­ба­ла­на­тын жыл 2009 жыл (есеп) 2010 жыл (ағым­да­ғы жыл­дың жос­па­ры) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ті­ке­лей нәти­же көр­сет­кіш­те­рі Бір жай ак­ци­я­сы үшін ба­ға­сы 10 000 тең­ге бо­ла­тын «ҚТ­ҚЖБ» АҚ-ның жай ак­ци­я­ла­ры­ның са­нын кө­бей­ту да­на 5 700 000 түп­кі­лік­ті нәти­же көр­сет­кіш­те­рі Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де де­по­зит­тер ор­на­ла­сты­ру­дың кө­ле­мі мың тең­ге 57 000 000 са­па көр­сет­кіш­те­рі ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның кө­ле­мі мың тең­ге 57 000 000