Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2011 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 06.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2012 AI58753_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VB000144
- ЭКБ идентификаторы
- 58753
- Редакция идентификаторы
- AI58753_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:39
0 Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2011 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 2, 6 тармақтарына, 18-1 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында косымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Семей өңірі аумағында тұратын нысаналы топтар белгіленсін, оларға мыналар:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
14 14) 50 жастан асқан адамдар;
15 15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;
16 16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
17 17) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар жатады.
2
2. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2010 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 26 наурызда № 5-2-124 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 13, «Вести Семей» газетінде 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 13 жарияланған) 2010 жылғы 15 ақпандағы № 114 қаулының күші жойылған деп танылсын.