Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2011 году по Атбасарскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар ауданы бойынша 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер қабылдау мерзімін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі қорытындысы негізінде Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Атбасар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № а-4/194 қаулысына қосымша Атбасар ауданы бойынша 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер қабылдау мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері № р/с Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері Оңтайлы себу мерзімдері Өтінімдер тапсыру мерзімі 1. Көктемгі көп жылдық дәнді және бұршақты шөптердің егісі 1 нен 15 маусымға дейін 15 маусымға дейін 2. Бұршақ 18 нен 28 мамырға дейін 15 маусымға дейін 3. Картоп 10 нан 28 мамырға дейін 15 маусымға дейін 4. Сүрлемге жүгері 18 нен 25 мамырға дейін 15 маусымға дейін 5. Майлы зығыр 15 нен 23 мамырға дейін 15 маусымға дейін 6. Сұлы 7 маусымға дейін 15 маусымға дейін 7. Көкөністер 10 мамырдан 25 маусымға дейін 15 маусымға дейін 8. Біржылдық шөптер 10 маусымға дейін 15 маусымға дейін 9. Майлы тұқымдық күнбағыс 7 нен 20 мамырға дейін 15 маусымға дейін 10 Орташа ертерек жаздық бидай 18-мамырдан 7-маусымға дейін 15 маусымға дейін 11 Жаздық арпа 7 маусымға дейін 15 маусымға дейін