Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Сандыктаускому району на 2011 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растеневодстве

Қаулы · № А-5/113 · қабылданған 03.05.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58888/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Сандыктаускому району на 2011 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растеневодстве Қолданыста Қаулы ·№ А-5/113 ·03.05.2011
11.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Сандыктаускому району на 2011 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растеневодстве

Қолданыста Қаулы ·№ А-5/113 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Сандыктаускому району на 2011 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растеневодстве
Атауы (қаз.)
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-5/113
Қабылданған күні
03.05.2011
Көрсетілген редакция
11.04.2013 58888_196523.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BP000126
ЭКБ идентификаторы
58888
Редакция идентификаторы
58888_196523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:26

0 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 334 ұсынымына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Сандықтау ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 3 мамырдағы
№ А-5/113 қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға
жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы
Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын
бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері
№ р/б
Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері
Жазық аймақ
1
орташа-кеш жаздық бидай
мамырдың 10-нан – мамырдың 26-сына дейін
2
орташа піскен жаздық бидай
мамырдың 12-нен – мамырдың 28-іне дейін
3
орташа-ерте жаздық бидай
мамырдың 15-нен – мамырдың 30-на дейін
4
жаздық арпа мен сұлы
мамырдың 26-нан маусымның 5-іне дейін
5
рапс
мамырдың 15-нен мамырдың 25-іне дейін
6
күнбағыс
мамырдың 8-нен мамырдың 18-іне дейін
7
майлы зығыр
мамырдың 15-нен мамырдың 25-іне дейін

Қолданыстағы