Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оқтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 7-917 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің
2011 жылғы 13 мамырда
№ 205 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері
№ р/т
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Егу мерзімдері
1
жаздық дәнді дақылдары
және дәндібұршақ
дақылдары
15 мамырдан 5 маусымға
дейін
2
майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамырға
дейін
3
бір жылдық жемшөп:
жасыл конвейер
қоспа жемшөп, пішендеме
30 сәуірден 15 шілдеге
дейін
15 мамырдан 5 шілдеге
дейін
4
жүгері, сүрлемдік
күнбағыс
15 мамырдан 31 мамырға
дейін
5
алғашқы жылғы көпжылдық
шөптер:
бірінші мерзімі
екінші мерзімі
20 сәуірден 31 мамырға
дейін
5 шілдеден 1 тамызға
дейін
6
күздік дәнді дақылдары
15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін
7
көкөніс және бақшалық
25 сәуірден 10 маусымға
дейін
8
картоп
10 мамырдан 31 мамырға
дейін