Об организации общественных работ в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8–тармақтарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақы мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың нақты орындалған жұмыстарға еңбек ақысының төлемі аудандық бюджет қаражатынан төленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банктердің жалақыны есептеу мен төлеу бойынша қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ Д. Бидашев "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________________ Л. Зейнекина "Жанкелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы _______________________ М. Қалиев
Басқа 9
Әкімдіктің 2011 жылғы 3 мамырда № 78 қаулысымен бекітілген 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақы мөлшері № Ұйымдардың атауы Қоғамдық жұмыстардың түрлері Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен 1 "Жанкелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1. Жұмысшылардың кәсіби даярлығын талап етпейтін Торғай селосындағы жұмыстар.
Тармақша 1
1) Ш.Жәнібек алаңын және әкімдік маңайындағы алаңдарды қардан тазалау;
Тармақша 2
2) Көшелерде көктемгі тазалық жүргізуге көмектесу: Ы.Алтынсарин, Қ.Алтынсары, А.Байтұрсынов, Н.Г.Иванов, С. Мауленов, Кейкі батыр, Ә.Жангелдин, Дузенов, Токин, Қайнекей, Құлжановтар;
Тармақша 3
3) Село орталығының саябақтарында көктемгі ағаш отырғызуға қатысу: Жасыл ел, Ә.Жангелдин, Жастар, Жеңіс, Болашақ, Дүзенов, Алтынсары, Иванов;
Тармақша 4
4) гүлзарларға гүл отырғызу және оны жаз бойы күту: әкімдік алаңында, Ә.Жангелдин мұражайы жанында, Ш.Жәнібек алаңы, Ұлылар үндестігі ескерткіші алаңы, Жастар саябағында, Жеңіс саябағында;
Тармақша 5
5) Ш.Жәнібек алаңын жаз бойы күнделікті тазартып отыру;
Тармақша 6
6) саябақтарда отырғызылған ағаштарды жаз бойы күту,суару: Жасыл ел, Жеңіс,Ә.Жангелдин, Жастар, Болашақ, Дүзенов, Алтынсары, Иванов;
Тармақша 7
7) село көшелерінің бойындағы плакаттарды жаңалау жұмыстарына көмектесу;
Тармақша 8
8) "Топжарған" спорт кешенін спартакиада өткізуге дайындау (арам шөптерден тазарту, қокыс жинау, ақтау, сырлау) жұмыстарына көмектесу;
Тармақша 9
9) село орталығына күзгі ағаш отырғызуға көмектесу;
Тармақша 10
10) село орталығында отырғызылған ағаштарды үнемі жаз бойы күту, суару жұмыстарына көмектесу: Ы.Алтынсарин, Қ.Алтынсары, А.Байтұрсынов, Кейкі-батыр, С.Мәуленов, Қайнекей, Дүзенов, Н.Г.Иванов, Ә.Жангелдин, Токин, Құлжановтар:
Тармақша 11
11) селодағы 12,18 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің маңайына ағаш отырғызу және оны жаз бойы күтіп, суаруға жәрдемдесу. 5488 2016 2016 4160 1344 10200 528 1008 2112 3552 1024 2. Жұмысшылардың кәсіби даярлығын талап етпейтін Збан ауылының жұмыстары:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени- әлеуметтік мекемелердің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) ауылдағы күздік ағаштардағы отырғызуға көмектесу. 944 480 3. Жұмысшылардың кәсіби даярлығын талап етпейтін Шеген ауылындағы жұмыстарға көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдың мәдени- әлеуметтік мекемелерін қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) Наурыз мерекесіне орай, ауылдың орталық алаңын қардан, қоқыстан тазарту;
Тармақша 3
3) ауылдағы көктемгі ағаш отырғызуға көмектесу; 640 304 672 4. Жұмысшылардың кәсіби даярлығын талап етпейтін Ақшығанақ ауылының жұмыстарды
Тармақша 1
1) ауылдың мәдени- әлеуметтік мекемелерін қардан аршуға көмектесу. 944 5. Жұмысшының кәсіби даярлығын талап етпейтін Аралбай ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени- әлеуметтік мекемелердің маңайларын үнемі қардан тазарту;
Тармақша 2
2) ауылда көктемгі ағаш отырғызуға көмектесу;
Тармақша 3
3) ауылда күздегі ағаштарды отырғызуға көмектесу. 944 672 480 6. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Көкалат ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени- әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға қатысу;
Тармақша 2
2) ауылдағы күзгі ағаш отырғызуға қатысу. 944 672 7. Жұмысшылардың арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Бидайық ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени- әлеуметтік мекемелердің маңайларын үнемі қардан тазартуға қатысу. 472 8. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Тауш ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдың мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) ауылда күзгі ағаш отырғызуға көмектесу. 944 640 9. Жұмысшылардың арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Қарасу ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазарту;
Тармақша 2
2) ауылдағы көктемгі ағаш отырғызуға көмектесу. 944 672 10. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Қалам-Қарасу ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылда көктемгі санитарлық тазалық жүргізуге көмектесу. 504 11. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Қызбел ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) ауылдағы күзгі ағаш отырғызуға көмектесу. 944 640 12. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Милісай ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға көмектесу. 944 13. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Сужарған ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) ауылдағы "Жеңіс саябағы" аумағын тазартуға (ағаштарды ақтау, жаңадан ағаш отырғызу) көмектесу. 944 672 14. Жұмысшының арнайы кәсіби даярлығын талап етпейтін Шилі ауылының жұмыстарына көмектесу:
Тармақша 1
1) ауылдағы мәдени-әлеуметтік мекемелердің маңайын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
Тармақша 2
2) көктемгі ағаш отырғызуға көмектесу. 672 672 кестенің жалғасы: № Ұйымдардың атауы Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары Еңбек ақы төлеу 1 "Жанкелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қоғамдық жұмысқа қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қаралған шектен аспуы, екі күндік демалыс, түскі 1 сағаттан аспайтын үзіліс болуы тиіс. Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері