Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 1-103 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдері 2011 жылдың 10 маусымына дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Ж. Әбішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің 2011 жылғы 23 мамыр № 141 қаулысына қосымша 2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері № Ауылшаруашылық дақылдардың атауы Себу мерзімдері 1 Дәнді 15 мамырдан 5 маусымға дейін 2 Бұршақтұқымдастар 15 мамырдан 5 маусымға дейін 3 Майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін 4 Жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық шөптерден басқа) 30 сәуірдегі 15 маусымға дейін 5 Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс 15 мамырдан 5 маусымға дейін 6 Бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер 20 сәуірден 1 тамызға дейін 7 Көкөніс және бақша дақылдары 25 сәуірден 10 маусымға дейін 8 Картоп 10-31 мамыр аралығында