Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" 2011 жылдың 10 мамырдағы № 206 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 16 мамырда 3761 нөмірімен тіркелген) сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылғы 10 маусымға дейін – субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша егістің оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Жітіқара ауданының ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________________ Б. Қабиев
Басқа 5
Әкімдіктің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 299 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
егістің оңтайлы мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
Егістің мерзімдері
1
Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
2
Бұршақтұқымдастар
15 мамырдан 5 маусым
аралығы
3
Майлы дақылдар
18 мамырдан 30 мамыр
аралығы
4
Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерден басқа)
30 сәуірден 15 шілде
аралығы
5
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
15 мамырдан 31 мамыр
аралығы
6
Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер
20 сәуірден 1 тамыз
аралығы
7
Күздік бидай және қара бидай
15 тамыздан 1 қыркүйек
аралығы
8
Көкөніс және бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусым
аралығы
9
Картоп
10 мамырдан 31 мамыр
аралығы