Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 7-917 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI: "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" ММ бастығы ______________ М. Төлемісов
Басқа 4
Әкімдіктің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 156 қаулысына қосымша 2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері № Ауыл шаруашылық дақылдарының атауы Себу мерзімі 1 Жазғы егіс және егіс бұршақты дақылдар 15 мамырдан 5 маусымға дейін 2 Күздік дәнді дақылдары 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 3 Май дақылдары 18 мамырдан 30 мамырға дейін 4 Картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін 5 Көкөніс және бақша дақылдары 25 сәуірден 10 маусымға дейін 6 Жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық шөптерден басқа) 30 сәуірден 15 шілдеге дейін 7 Бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер 20 сәуірден 31 мамырға дейін 8 Жүгері, сүрлемдік күнбағыс 15 мамырдан 31 мамырға дейін