Об определении целевых групп населения в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
2011 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс - беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
Тармақша 13
13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 14
14) ұзақ уақыт (жыл және көбірек) жұмыс істемеген адамдар;
Тармақша 15
15) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;
Тармақша 16
16) уәкілетті органның бағытымен кәсіптік оқуды және (немесе) біліктілігін жоғарлатуда қайта даярлауды бітірген жұмыссыздар;
Тармақша 17
17) толық емес отбасылардан жұмыссыздар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің
бастығы
___________ Иванченко Л.П.