Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ в 2011 году в разрезе зерновых и масличных культур, подлежащих обязательному страхованию Қолданыста
Басқа 0
Міндетті сақтандыруға жататын, дәнді және майлы дақылдар бөлігіндегі 2011 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы Федоров ауданының аумағында дәнді және майлы
дақылдарды егу жұмыстарын бастау мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
Тармақша 1
1) дәнді дақылдар:
жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық-15 мамырдан 10 маусымға дейін;
Тармақша 2
2) майлы дақылдар-18 мамырдан 10 маусымға дейін;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары,
бастықтың міндетін атқарушы
_________________ Е. Сечная