Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Алтынсаринском районе на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға Алтынсарин ауданында интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданында 2011 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде;
Тармақша 2
2) интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларының жолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Ж. Әбішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.