Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2011 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5)тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2011 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекеменің бастығы ______________ Қ.Төлеубаев
Басқа 3
Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 392 шешімімен бекітілген Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2011 жылға арналған төлемақы ставкалары № Арнайы су пайдаланудың түрі Өлшем бірліктері Төлемақы ставкалары (теңге) 1. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер 1 текше метр 0,075 2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде 1 текше метр 0,215 3. Ауыл шаруашылығы 1 текше метр 0,059 4. Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1 текше метр 0,059 5. Су көздерінде балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар 1 тонна 153