Об утверждении перечня специальностей и размеры затрат на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации граждан на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған азаматтарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға мамандықтар тізбесі мен төлем мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, 2011 жылға арналған азаматтарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға мамандықтар тізбесі мен төлем мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Маңғыстау облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жарылғапова Оразгүл Бекиевна 10 маусым 2011 жыл «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қани Сара Құлмырзақызы 10 маусым 2011 жыл
Басқа 4
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 123 қаулысына Қосымша 2011 жылға арналған азаматтарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға мамандықтар тізбесі мен төлем мөлшері № Мамандықтар тізбесі Оқытылатын азаматтар саны Оқу Мерзімі (ай) Орташа оқу ақысы (1 ай) мың тенге Оқудың барлық құны мың тенге 1 Жүк іліктіргіш 15 1 22.8 342.0 2 Газ қондырғыларының операторы 15 1 22.8 342.0 барлығы 30 22.8 684,0