Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 090 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларына (ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын (ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын) сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған республикалық бюджеттегі қаражат шегінде игерілмеген қаражатты бұдан әрі пайдалану мәселесін қарастырады.
Тармақ 4
4. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
Тармақ 5
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерін (бұдан әрі - қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аппаратты, жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді, өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтерді (бұдан әрі - тауар) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 6
6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс. Жапсырмалардың бірдейлендіру нөмірлерінің реттік нөмірленуін анықтауды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тауарларды жеткізушілермен шарттар жасалғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша өзге де шарттардан басқа:
Тармақша 1
1) жеткізілетін тауардың сапасына бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің сапасына жеткізіп берушілердің жауапкершілігі;
Тармақша 3
3) жеткізіп берушілердің сапасыз тауарларды ауыстыру мерзімдері қарастырылуы тиіс тауарларды жеткізіп берушілермен шарттар жасасады.
Тармақ 8
8. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында құрамына Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстың (Астана, Алматы қаласының) аумақтық инспекциясының өкілін енгізіп (келісім бойынша) құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұратын сатып алынатын тауарлардың және көрсетілген қызметтердің сандық-сапалық жағдайын бағалау жөніндегі Комиссиялар құрылады.
Тармақ 9
9. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері Комиссияның жұмыс органдары болып табылады. «Комиссия жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалауды олардың көрсетілуі мен жеткізілуіне қарай жүзеге асырып, кейіннен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актісін жасайды.
Тармақ 10
10. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тауарларды бөлуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Бірдейлендіру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Тауарды жеткізіп берушілер 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ақы төлеудің алдындағы мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін;
Тармақша 2
2) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің актілерін ұсынады.
Тармақ 12
12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді, олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда ақы төлеуге жібереді.
Тармақ 13
13. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары үш жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, оларды тауарларды жеткізіп берушілерге пысықтауға қайтарады.
Тармақ 14
14. Тауарларды жеткізіп берген үшін тиісті тауарларды жеткізіп берушілердің банктік шоттарына қаржылай қаражат аударуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал қаражат толығымен игерілмеген жағдайдан себебі көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
Тармақ 16
16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей аралық есепті, ал жылдың қорытындылары бойынша келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есепті ұсынады.
Басқа 31. Сатып алынатын тауарларға сипаттама
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 1 қосымша Сатып алынатын тауарларға сипаттама № Та­у­ар­дың ата­уы Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы (си­па­ты) 1 2 3 1. Түй­е­лер­ге ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген iрi жа­ну­ар­лар­ға (iрi қа­ра мал, түйе) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс. 2. Ұсақ мал­ға, шош­қа­ға ар­нал­ған құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры Құ­лақ жап­сыр­ма­ла­ры және олар­да­ғы жа­ну­ар­дың же­ке нө­мiрi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiн­де көр­сетiл­ген ұсақ жа­ну­ар­лар­ға (ұсақ мал, шош­қа) ар­нал­ған та­лап­тар­ға сәй­кес бо­луы тиiс. 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тар 1. Ве­те­ри­на­ри­я­лық-пас­порт Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы тиiс. 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың мөл­шер­ле­рі мы­на­дай бо­луы тиiс: ұзынды­ғы 20±1 см, биiк­тi­гi 15±1 см. Мұ­қа­ба­сы: тығ­ы­зды­ғы – 280, жы­л­тыр, тү­стiлi­гi 4+0. Iш­кi па­рақ­та­ры: ксе­рокс қа­ға­зы, тү­стiлi­гi 1+1, оф­сет­тiк бас­па. Бiрiн­шi бетi, яғ­ни бет­кi жа­ғы­ның ор­та­сын­да мем­ле­кет­тiк тiл­де «Ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт» және орыс тiлiн­де «Ве­те­ри­нар­ный пас­порт» де­ген ата­уы, тө­мен­гi сол жа­ғын­да мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де _______ аудан/рай­он (қа­ла/го­род) және ___________ об­лыс/об­ласть көр­сетiлуi тиiс. Екiн­шi бет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де­гi жал­пы мәлi­мет­тер­ден тұ­ра­ды. Үшiн­шi және ке­лесi бет­тер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2009 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2331 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру ере­же­сiнiң 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де кесте түрiн­де ба­ған­дар­ға бөлiн­ген. Бар­лы­ғы 20-бет­тен кем бол­мауы тиiс. 4. Жа­ну­ар­лар­ға бiр­дей­лен­дi­ру жүр­гiзу­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба) Жа­ну­ар­лар­ды бiр­дей­лен­дiру­ге ар­нал­ған ап­па­рат (таң­ба) жыл­қы­лар­ды ыстық және суық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық­тар­дан тұ­ра­ды: 1. Жыл­қы­лар­ды суық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық мы­на­лар­дан тұ­ра­ды: цифр­лар мен әрiп­тер­ге ар­нал­ған мат­ри­ца­дан; ке­мiн­де 70 см жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар мат­ри­ца­ға бекiтiлетiн тұт­қа­дан; цифр­лық сим­вол­дар жиын­тығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiп­тiк сим­вол­дар жиын­тығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифр­лар мен әрiп­тер­дiң мөл­шер­лерi стан­дарт­ты 2. Жыл­қы­лар­ды ыстық­тай таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған жиын­тық­тың мы­на­дай цифр­лық сим­вол­дар­дан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiп­тiк сим­вол­дар­дан К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z тұ­ра­ды. Ере­сек жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған таң­ба­ның кө­ле­мi: биiк­тi­гi 8 см, енi 5 см; төл­дер үшiн: биiк­тi­гi 5 см, енi 3 см. Ыстық таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған таң­ба енi 18-30 мм, қа­лыңды­ғы 3 мм бетi те­гiс жал­пақ те­мiр­ден дай­ын­да­ла­ды. Тұ­тқа­ның ұзынды­ғы ке­мiн­де 70 см, жы­лу өт­кiз­бей­тiн тұт­қа­сы бар.
Басқа 32. Жеткізілген тауарларды, көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 2-қосымша Жеткізілген тауарларды, көрсетілген қызметтерді бағалау актісі _______________                     20______ ж. "______" _______ (облыс, аудан) __________________________________________________ құрылған комиссия, (Комиссия кімнің шешімімен құрылды, шешімнің күні және нөмірі көрсетілсін) құрамында: Комиссия төрағасы, _______________________________________ (Т.А.Ә., атқаратын қызметі) Комиссия мүшелері ___________________________________________________ (Т.А.Ә., атқаратын қызметі) сондай-ақ 20____ ж. "_____" № ____________________ сенімхатқа сәйкес ______________________________________ мүдделерін білдіруге уәкілетті (қызметтер көрсетушінің толық атауы) ______________________________________ мынадай қорытынды жасады: `            (Т.А.Ә.) Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тер­дің то­лық ата­уы Та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (тең­ге) Со­ма­сы (тең­ге) Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы: ___________________________________________________________________ (атап шығыңыз) Жеткізілген тауарларға наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз).____________________________________________________________ Комиссия төрағасы                  __________________________________ Т.А.Ә., қолы Комиссия мүшелері                  __________________________________ (Т.А.Ә., қолы) Қызметтер көрсетушіден             __________________________________ (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 33. Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану 3-қосымша Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі _______________                   20______ ж."_______" _________ (облыс, аудан) Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________ (мекеме атауы) атынан 20____ ж. "______" ___________ бұйрығы негізінде әрекет ететін ____________________________________________ және бұдан әрі «Тауарлар (Т.А.Ә. атқаратын қызметі) жеткізуші» деп аталатын атынан ______________________________________ (тауарларды, қызметтер көрсетушінің толық атауы) 20__ ж. "______" № ________ Жарғы (сенімхат) негізінде әрекет ететін ________________ 20_____ ж. "____" _________ көрсетілген қызметтерді (Т.А.Ә. атқаратын қызметі) бағалау актісіне сәйкес төмендегі туралы осы Актіні жасады. Тауарларды/ қызметтерді жеткізуші өзі және Тапсырыс берушінің арасында жасалған 20___ ж. "_____" № _________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтерді көрсетті: Та­у­ар­дың/ қыз­мет­тер­дің то­лық ата­уы Та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы Өл­шем бір­лі­гі Та­у­ар­дың/ көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (тең­ге) Со­ма­сы (тең­ге) Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы: _____________________________________________________________________ (атап шығыңыз) Жеткізілген тауарларға/көрсетілген қызметтерге наразылык жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) ____________________________________________________________________ 1. Алынған тауарлардың/көрсетілген қызметтердің жалпы құны _____________________________________________________________________ 2. Аванс сомасы                        ______________________________ 3. Бұрын актіленген сомасы             ______________________________ 4. Төленуі тиіс                        ______________________________ Тапсырыс беруші үшін            Тауарларды/қызметтерді жеткізуші үшін _________________________       _____________________________________ (Т.А.Ә. атқаратын қызметі)           (Т.А.Ә. атқаратын қызметі) __________________________      ___________________________________ (қолы, мөртаңба бедері)                (қолы, мөртаңба бедері)