Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жұмыс орындарына берілген квотаға мүгедектердің жұмысқа орналасуына ықпал жасасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.