О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекеттерін 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қанытастарға таратады. КЕЛІСІЛГЕН: "Жітіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Г. Жидебаева "Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________  Б. Кабиев