Об установлении перечня приоритетных культур и нормативов субсидий на удешевление горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных культур и нормативов субсидий на удешевление горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41-628п
- Қабылданған күні
- 07.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2012 AI59938_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11A0000690
- ЭКБ идентификаторы
- 59938
- Редакция идентификаторы
- AI59938_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:01
0 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Ережесінің 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері;
3-қосымшаға сәйкес отандық өндірушілер өткізген 1 тонна (литр, килограмм) минералдық тыңайтқыштардың субсидиялау нормативтері бекітілсін.
2 2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т.Сұлтанбековке жүктелсін.
4 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков
2011 жылғы 27 маусым
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ 41-628қ қаулысына
1-қосымша
2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Р/с
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атаулары
1.
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар (жаздық бидай, арпа)
2.
Дәнді дақылдар (базалық бюджеттік субсидиялар нормасы), (жаздық бидай, арпа)
3.
Жемшөптік дақылдар (өткен жылдарда егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда), (сүрлемге немесе пішенге егілетін дақылдар)
4.
Картоп
5.
Көкөністік-бақша дақылдары (көкөніс дақылдарының барлық түрлері)
6.
Көкөністік-бақша дақылдары, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда(көкөніс дақылдарының барлық түрлері)
7.
Жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы) жыл бойына бірнеше дақыл айналымы болуы мүмкін
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ 41-628қ қаулысына
2-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері
Р/с
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атаулары
Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға нормативі, теңге
Басым дақылдарын егістерін қабылдау мерзімі
1.
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар
2 600
2011 жылдың 27 маусымына дейін
2.
Дәнді дақылдар (базалық бюджеттік субсидиялар нормасы)
1 700
2011 жылдың 27 маусымына дейін
3.
Жемшөптік дақылдар
1 650
2011 жылдың 27 маусымына дейін
4.
Картоп
12 000
2011 жылдың 27 маусымына дейін
5.
Көкөністік-бақша дақылдары
28 700
2011 жылдың 27 маусымына дейін
6.
Көкөністік-бақша дақылдары, өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда
31 700
2011 жылдың 27 маусымына дейін
7.
Жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы)
1 300 000
жыл соңына дейін
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ 41-628қ қаулысына
3-қосымша
Отандық өндірушілер өткізген 1 тонна (литр, килограмм) минералдық тыңайтқыштардың субсидиялау нормативтері
Р/с
№
Субсидияланатын минералды тыңайтқыштар түрлері
Минералды тыңайтқыштардың 1 тоннасының (литрінің, килограммының) бағасын арзандату пайызы, дейін
Өткізілген 1 тонна (литр, килограмм) минералды тыңайтқштарды субсидиялау нормативі, теңге
Минералды тыңайтқыштарды қолдау мерзімі
1.
Аммиак селитрасы (N-34,4 %)
50
24 350
вегетациялық кезеңде