Об утверждении перечня специальностей и размера затрат на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку безработных граждан на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қазандағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері мен мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Ақниязова Гүлбақыт Таңжарбайқызы "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы 30 тамыз 2011 жыл Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 30 тамыз 2011 жыл
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 145 - қ қаулысына қосымша 2011 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері № Мамандықтар  атауы Барлық оқытылатындар (адам) Оқу  мерзімі Орташа оқу ақысы (теңге) Барлығы  (мың теңге) Жолға арналған шығын (1 адамға) теңге 1 Электромонтер 18 1 ай 20500 369 000 3520 2 Тігінші 10 1 ай 25000 250 000 3520 3 Қазаншы 10 1 ай 24000 240 000 3520 Барлығы 38 859 000