О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Толебийского района в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауға ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысының 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Төлеби ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс есептiк айлық көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.