О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сайрамского района в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. 2011 жылы ауданның ауылдық елді, мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына:
Тармақша 1
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.