Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласы бойынша 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының күші 2011 жылғы 1 мамырдан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Түсіпқалиевке жүктелсін.
Басқа 5
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 2147 қаулысына қосымша 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы N Дақылдар түрі Оңтайлы мерзімдері басталуы аяқталуы 1 Жаздық бидай 15.05.11 25.05.11 2 Күздік бидай 25.08.11 10.09.11 3 Күздік қара бидай 05.08.11 20.08.11 4 Тары 15.05.11 25.05.11 5 Арпа 05.05.11 10.05.11 6 Сұлы 05.05.11 10.05.11 7 Дәнді бұршақты дақылдар 10.05.11 15.05.11 8 Майлы дақылдар 10.05.11 15.05.11 9 Картоп 10.05.11 05.06.11 10 Көкөніс 15.05.11 15.06.11 11 Бақша дақылдары 05.05.11 05.06.11 12 Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда) 05.05.11 08.05.11 13 Бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарында 15.05.11 20.05.11