О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тюлькубасского района на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерге 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қаулысының 2-тармағына және аудан әкiмiнiң 2011 жылғы 14 қазандағы № 457 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерге 2011 жылға жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс есептiк айлық көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.