О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретение жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Актогайского района в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
2011 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімді іске асыру бойынша "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Н. Болғанбаев) шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ
Актоғай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімінің
бастығы
К.Н. Болғанбаев
2011 жылғы 10 қараша