О распределении квоты иммиграции оралманов на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы «Халықтың көші-коны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өзге де орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға бейімдеу қызметтерін көрсетуді, жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің басқа да түрлерін беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылғы 1 шілдеге және 2012 жылғы 1 ақпанға қарай осы қаулының орындалуы туралы есептер ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 444 қаулысына қосымша Оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу Об­лы­стар мен қа­ла­лар­дың ата­уы От­ба­сы са­ны Ақ­мо­ла 1020 Ақ­тө­бе 1000 Ал­ма­ты 3800 Аты­рау 500 Шы­ғыс Қа­зақ­стан 1500 Жам­был 1840 Ба­тыс Қа­зақ­стан 500 Қа­ра­ған­ды 1200 Қо­ста­най 1000 Қы­зы­лор­да 500 Маң­ғы­стау 2500 Пав­ло­дар 800 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан 500 Оң­тү­стік Қа­зақ­стан 2950 Ал­ма­ты қа­ла­сы 140 Аста­на қа­ла­сы 250 Жиы­ны: 20000