Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес және аудан әкiмi мәлiмдеген мамандарға қажеттілікті ескере отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәдениет, тіл, білім беру, денсаулық сақтау, ұлт және ұлтаралық қатынастар, қоғамдық және өзін-өзі басқару жөніндегі (К.Төреқұлов) мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.