Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2012 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку семеноводства, нормативов бюджетных субсидий на закладку маточников многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда и 1 тонну элитных семян сельскохозяйственных растений на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары;
Тармақша 2
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңында 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) көзделген қаражат есебінен және шегінде өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің отырғызылған аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
Тармақша 2
2) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан басқа нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге. Егер тұқымшар бір уақытта элиталық тұқым шаруашылығы (бұдан әрі – элиттұқымшар) болса және бiрiншi көбейтілген тұқым шығару үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бiрiншi көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
Тармақша 3
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
Тармақ 5
5. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір тұқымның түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымының нақты сатылып алынған көлемі үшін төленеді.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір сатқан жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттің түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымдары мен көшеттерінің арзандатылған бағамен отандық тауар өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін төленеді. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемі үшін бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілерге төленеді. Элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
Тармақ 8
8. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары және көшеттің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар және тұқым өткізушіге квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Тармақ 9
9. Әрбір тұқымшар және тұқым тұтынушы үшін әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша субсидиялар сомасын анықтау үшін әрбір ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. Бөлім тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" субсидиялау бағдарламасында қатысуға өтінімдерді қабылдану басталғаны туралы хабарламаны, ВАК-тың жұмыс тәртібін облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді. Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 11
11. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық баға бойынша сатады.
Тарау 2. 2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 12
12. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) бірегей тұқым өндірушілер жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды. Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды бірегей тұқым өндірушілердің ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін жүгеріден, күнбағыстан, күріштен, қант қызылшасынан, мақтадан басқа, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін жүгеріден, күнбағыстан, күріштен, қант қызылшасынан, мақтадан басқа, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 13
13. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ВАК-қа:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);
Тармақша 3
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
Тармақша 5
5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін: тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді; элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін); тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесін; сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін; элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады. Бюджеттік субсидияларды төлеу сатып алынған тұқым үшін толық төлем жасаған сатып алушылармен қатар, сатып алынған тұқым үшін тұқымның нарықтық құнының кемінде елу пайызы мөлшерінде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға да жүргізіледі. Бұл ретте тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмесін ВАК-ға құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей тапсырады. Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттік субсидияларды өз еркімен қайтарады. Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
Тармақ 14
14. Тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 13-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;
Тармақша 3
3) ай сайын 1-күніне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
Тармақша 4
4) элиталық тұқымдарды пайдалану фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымшар нақты өндірген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісін; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдары егілген егістіктерді сынақтан өткізу туралы актіні; егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті; тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхананың анықтамасын тапсырады.
Тармақ 15
15. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға және/немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жібереді. Егер тұқымды сатып алуға арналған өтінімнің сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан артық болса, онда әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік көлеміне барабар бөлінеді.
Тармақ 16
16. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күні ішінде әрбір тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды бекітеді.
Тармақ 17
17. Бөлім үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен әрбір тұқымшарға және/немесе тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар төлеудің негіздемесін растайтын мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) тұқымшар және/немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
Тармақша 2
2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
Тармақша 3
3) зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасының көшірмесін тапсырады. Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элитаны пайдаланған жағдайда:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының элиттұқымшар нақты өндірген көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
Тармақша 2
2) зертхананың тексерілген тұқымның мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі анықтаманы ұсынады.
Тармақ 18
18. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді: әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды; облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
Тармақша 2
2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40 %-ын құрауы, бірақ осы қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2012 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;
Тармақша 3
3) әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгіленген квоталар шегінде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшін тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
Тармақ 19
19. Тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды жасайды және бекітеді: әрбір тұқымшарға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды; облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні;
Тармақша 2
2) облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндірілген көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
Тармақша 3
3) әрбір тұқымшарға белгіленген квоталар шегінде нақты өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
Тармақ 20
20. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жинынтық актінің, химиялық әдіспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөніндегі актінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндірген көлемі туралы тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
Тармақ 21
21. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тарау 4. 4. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның элиталық тұқымдары мен элиталық көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
4. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның элиталық тұқымдары мен элиталық көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 22
22. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының және мақтаның элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі – элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым өткізушіге (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ай сайын 1-күніне қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің мөлшері мен сапасы туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін тиісті жылдың 20 маусымына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына: элиттұқымшар мен тұқым өткізуші нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді; элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал молықтыру питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда – тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін) (тұқым өткізушілер - мақтаның элиталық тұқымдарының сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін)); тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) мөлшері мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын; сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін; элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі туралы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады. Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар (тұқым өткізуші) үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін. Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін (тұқым өткізушілер - химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін) тапсырады;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
Тармақша 5
5) ауданның жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды: элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді; элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын; тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады;
Тармақша 6
6) облыстың жергілікті атқарушы органы: он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді; облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды; әрбір элиттұқымшарға (тұқым өткізушіге) белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
Тармақша 7
7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
Тармақ 23
23. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тармақ 24
24. Ай сайын 5-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады.
Тармақ 25
25. Бюджеттік субсидияларды төлеу тиімділік, қол жетімділік, жариялылық және айқындық қағидаттарында жүзеге асырылады. 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Тармақ 26
26. Министрлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 27
27. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
Басқа 1. 20__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Қағидаларға 1-қосымша Бекітемін ___________ облысы (Астана және Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " 20__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Аудан­ның ата­уы Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Іс-ша­ра ата­уы (отыр­ғы­зу және/ неме­се қыз­мет көр­се­ту) Отыр­ғы­зу­дың және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің жыл­дық кво­та­сы Отыр­ғы­зу­дың және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің нақ­ты кө­ле­мі, га га со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан бе­рі 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиы­ны: кестенің жалғасы Отыр­ғы­зу­дың және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 20__ ж. "__" ____ ар­нал­ған кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге 9 10 11 12 13 _________________ облысының (Астана және Алматы қалаларының) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. Нарықтық құнына сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
Қағидаларға 2-қосымша __________________ ауданының (Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалаларының) ведомствоаралық комиссиясына Нарықтық құнына сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алуға өтінім 1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты) ____________________________________________________________ атынан (ауылшарттауарын өндіруші) бірінші басшы _____________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен __________ тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған ____________________________________________ (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі) тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидия бөлуді сұрайды. 2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _______________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр: заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары және басқа да растайтын құжаттар; ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы. Тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының заңды мекенжайы және банктік деректемелері: __________________________________ ________________________________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 3. Бiрiншi көбейтілген тұқым өндіруде өзі өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
Қағидаларға 3-қосымша __________________ ауданының (Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалардың) ведомствоаралық комиссиясына Бiрiншi көбейтілген тұқым өндіруде өзі өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік субсидиялар алуға өтінім 1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты) ____________________________________________________________ атынан (ауылшарттауарын өндіруші) бірінші басшы _____________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен __________ тонна мөлшерінде егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған _____________________________________________________ (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі) бiрiншi көбейтілген тұқым өндіру үшін өзінің өндірісіндегі элиталық тұқымды пайдаланған элиталық тұқымға субсидия бөлуді сұрайды. 2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _______________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр: заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісінің көшірмесі; басқа растайтын құжаттар; ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы. Тұқымшардың заңды мекенжайы және банктік деректемелері: __________________________________ _________________________________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 4. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын нарықтық құнымен сатып алғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар
Қағидаларға 4-қосымша Бекітемін ____________ облысы (Астана және Алматы қалалары) ________________ ауданының әкімі _________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын нарықтық құнымен сатып алғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар Р/с № Тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы­ның ата­уы Субъ­ек­ті­нің мәр­те­бе­сі (тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы) Да­қыл Сорт, бу­дан Кө­бей­ту 1 2 3 4 5 6 Об­лыс бой­ын­ша бар­лы­ғы кестенің жалғасы Кво­та­ны бел­гі­ле­у­ге ар­нал­ған тұқым­шар­дың неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­мі ВАК бел­гі­ле­ген ал­дын ала кво­та тон­на са­тып алын­ған 1 тон­на­ның на­рық­тық құ­ны, тең­ге тон­на 1 тон­на­ға суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге бар­лық кө­лем­ге ти­е­сі­лі со­мма, тең­ге 7 8 9 10 11 ВАК төрағасы ______________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) ВАК мүшелері ____________________ ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі) ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 5. Бiрiншi көбейтілген тұқымдарды өндіру кезіндегі өзі өсірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшар элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар
Қағидаларға 5-қосымша Бекітемін ____________ облысы (Астана және Алматы қалалары) ________________ ауданының әкімі _______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы "" Бiрiншi көбейтілген тұқымдарды өндіру кезіндегі өзі өсірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғанына бюджеттік субсидиялар алу үшін 2012 жылға әрбір тұқымшар элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталар Р/с № Тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы ата­уы Субъ­ек­ті­нің мәр­те­бе­сі (тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы) Да­қыл Сорт, бу­дан Кө­бей­ту 1 2 3 4 5 6 Об­лыс бой­ын­ша бар­лы­ғы кестенің жалғасы Кво­та­ны бел­гі­ле­у­ге ар­нал­ған тұқым­шар өті­ні­мі ВАК бел­гі­лен­ген ал­дын ала кво­та тон­на са­тып алын­ған 1 тон­на­ның на­рық­тық құ­ны, тең­ге тон­на 1 тон­на­ға суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге бар­лық кө­лем­ге ти­е­сі­лі со­ма, тең­ге 7 8 9 10 11 ВАК төрағасы _____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) ВАК мүшелері ____________________ ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) (Т.А.Ә., қолы, мөрі) ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 6. 20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Қағидаларға 6-қосымша Бекітемін ______________ облысы (Астана және Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " 20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость Аудан­ның ата­уы Тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы ата­уы Субъ­ек­ті­нің мәр­те­бе­сі (тұқым­шар неме­се тұқым тұ­ты­ну­шы) Да­қыл Са­тып алын­ған күн Эли­та­лық тұқым­ды са­тып алу­дың жыл­дық кво­та­сы тон­на со­ма­сы, (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 7 ЖИЫ­НЫ: кестенің жалғасы Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­у­ға құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған эли­та­лық тұқым­ның нақ­ты са­тып алын­ған кө­ле­мі, тон­на Са­тып алын­ған эли­та­лық тұқым­дар­дың 1 тон­на­сы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 20__ж. "__" ____ ар­нал­ған кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге жыл ба­сы­нан бе­рі 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ ке­зе­ңін­де 8 9 10 11 12 13 14 _________________ облысының (Астана және Алматы қалаларының) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 7. 20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығынын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомость
Қағидаларға 7-қосымша Бекітемін ______________ облысы (Астана және Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " 20___ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығынын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомость Аудан­ның ата­уы Эли­та­лық тұқым өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Кө­бей­ту Эли­та­лық тұқым­ды өн­ді­ру­дің жыл­дық кво­та­сы тон­на со­ма­сы, (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 ЖИЫ­НЫ: кестенің жалғасы Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­у­ға құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған эли­та­лық тұқым­ның нақ­ты кө­ле­мі, тон­на Өн­ді­рі­л­ген эли­та­лық тұқым­дар­дың 1 тон­на­сы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 20__ж. "__" ____ ар­нал­ған кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге жыл ба­сы­нан бе­рі 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ ке­зе­ңін­де 7 8 9 10 11 12 13 _________________ облысының (Астана және Алматы қалаларының) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 8. 20___ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Қағидаларға 8-қосымша Бекітемін ______________ облысы (Астана және Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " 20___ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость Аудан­ның ата­уы Элит­тұқым­шар­дың (тұқым өт­кі­зу­ші­нің) ата­уы Да­қыл Са­ты­л­ған кү­ні Эли­та­лық тұқым­дар мен кө­шет­тер­ді са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­у­ға құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған эли­та­лық тұқым­дар мен кө­шет­тер­дің нақ­ты са­ты­л­ған кө­ле­мі, тон­на/да­на тон­на (да­на) со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан бе­рі 20__ ж. "__" ____ - "__" ____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 4 4 7 8 ЖИЫ­НЫ: кестенің жалғасы Са­ты­л­ған эли­та­лық тұқым­дар мен кө­шет­тер­дің 1 тон­на­сы­на (да­на­сы­на) ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 20__ ж. "__" ____ ар­нал­ған кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге 9 10 11 12 13 _________________ облысының (Астана және Алматы қалаларының) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 9. 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат
Қағидаларға 9-қосымша Бекітемін ______________ облысы (Астана және Алматы қалалары) Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20 жылғы " " 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы ақпарат Суб­си­дия алушы­лар­дың ата­уы Суб­си­ди­я­лар бе­рі­ле­тін іс-ша­ра­лар­дың ата­уы Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тың ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі 1 2 3 4 ЖИЫ­НЫ: _________________ облысының (Астана және Алматы қалаларының) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 0. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері Р/с № Өнім­нің тү­рі, іс-ша­ра­лар 1 гек­тар­ға бе­рі­ле­тін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге 1 Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің көп жыл­дық ек­пе­ле­рі­нің ана­лық­та­рын отыр­ғы­зу 1323723,4 2 Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің көп жыл­дық ек­пе­ле­рі­нің отыр­ғы­зы­л­ған ана­лық­та­ры­ның аяқ­тал­ма­ған өн­ді­рі­сіне қыз­мет көр­се­ту 1126047,2
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың 2012 жылға арналған нормативтері Р/с № Өнім­нің тү­рі Эли­та­лық тұқым­ның 1 тон­на­сы­на (да­на­ға) бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге (дей­ін) 1 2 3 1 Жұм­сақ би­дай 19330 2 Қат­ты би­дай 20160 3 Қа­ра би­дай 19330 4 Ар­па 15080 5 Сы­ра дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ар­па 15900 6 Сұ­лы 15080 7 Та­ры 18400 8 Қа­ра­құ­мық 21120 9 Жү­ге­рі: кеш пі­се­тін, ор­та­ша кеш және ор­та­ша пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры, бі­рін­ші кө­бей­ті­л­ген бу­дан­дық по­пу­ля­ци­я­лар; ер­те пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры, бі­рін­ші кө­бей­ті­л­ген бу­дан­дық по­пу­ля­ци­я­лар 130264 94746 10 Кү­ріш 52007 11 Ас­бұр­шақ 23270 12 Но­қат 23950 13 Қы­тай­бұр­шақ 23870 14 Бас­қа дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 17670 15 Күн­ба­ғыс: эли­та­лық тұқым­дар; бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры 249715 221715 16 Рапс 150000 17 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 100441 18 Кар­топ 55519 19 Кө­кө­ніс 1000000 20 Көп жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты; дән­ді 309940 223170 21 Бір­жыл­дық шө­птер 184430 22 Қант қы­зы­л­ша­сы 2108300 23 Бі­рін­ші кө­бей­ту­ді қо­са ал­ған­да, мақ­та: ме­ха­ни­ка­лық әдіспен та­за­лан­ған кез­де хи­ми­я­лық әдіспен та­за­лан­ған кез­де 48151 141611 24 Же­міс да­қыл­да­ры­ның кө­шет­те­рі 140 25 Жү­зім кө­шет­те­рі 90