Об организации и обеспечении в январе-марте 2012 года приписки граждан мужского пола 1995 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Целиноградского района Акмолинской области" Қолданыста
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурызында 1995 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында 1995 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Бабатай-ұлы көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Ақмола облысы Целиноград
ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Н. Хамидулин