Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Сарысуского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы Сарысу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiнде тiркеудi жүргiзудi ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негiзiнде, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабы 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36-бабына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Е.Байділдаевқа (келiсiм бойынша) шақыру учаскесiнде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сарысу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшiн тiркеу жүргiзу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкiмдерi «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне тiркеуге шақырылғаны туралы хабардар етiп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен келiсiлген кесте бойынша ауданның бiлiм беру мекемелерiнде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне уақытылы және ұйымшылдықпен жiберудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. «Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi Р.Мұхановқа (келiсiм бойынша) шақыру учаскелерiне тiркелу кезiнде әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшiн «Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы жүргiзу қағидасын және Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары туралы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртiппен азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Жамбыл облысының Iшкi iстер Департаментi Сарысу ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Б.Нүркеновке (келiсiм бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмi орынбасары М.Тоқсанбаеваға жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешім Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛIСIЛДI» «Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi Р.Мұханов 23 желтоқсан 2011 жыл «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Е.Байділдаев 23 желтоқсан 2011 жыл «Жамбыл облысының Iшкi iстер Департаментi Сарысу ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Б.Нүркенов 23 желтоқсан 2011 жыл