Об организации приписки к призывному участку в январе - марте месяца 2012 года граждан 1995 года рождения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 4
4. «Түпқараған орталық аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибелі маман-дәрігерлерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) 2012 жылдың қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентген пленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін қадағалау қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Түпқараған орталық аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Г.Б.Шалабаева 17 қаңтар 2012 жыл. «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Ж.Кобландин 17 қаңтар 2012 жыл. «Түпқараған ауданының қорғаныс істері» жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.К.Касымов 17 қаңтар 2012 жыл.