Об организации приписки к призывному участку в январе-марте 2012 года граждан 1995 года рождения Қолданыста
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. Кент, село әкімдеріне:
1995 жылы туылған азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 4
4. «Қарақия аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді өткізу ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 1995 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, ренткенпленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған арнайы қағазбен қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. «Қарақия аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) төмендегі жұмыстарды өткізу ұсынылсын:
Тармақша 1
1) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін қадағалауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Тәжібаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Жаңаөзен қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
Д.Қоңқаев
13 ақпан 2012ж.
«Қарақия аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Құсайынов
13 ақпан 2012ж.
«Қарақия аудандық орталық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Қ. Құрбанбеков
13 ақпан 2012ж.