Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование, строительство и (или) приобретение жилья через систему жилстройсбережений на 2012 год в рамках Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011 - 2014 годы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға арналған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысының 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға арналған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингті қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға арналған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 218 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға арналған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттары
Тармақ 1
1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қарыз алушыларға кредиттер тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 3 (үш) жыл мерзімге сыйақының 0,01 % ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 3
3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2014 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 2
2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.