Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку Казыгуртского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Қазығұрт ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтердің әкiмдерi тiркеудi өткiзу кезеңiнде шақыру учаскесiне шақырылушыларды хабардар етудi және олардың дер кезiнде келуiн ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тiркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесiне шақыру жөнiнде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 4
4. «Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) «Қазығұрт аудандық орталық емхана» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерiмен бірлесіп (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiнде айқындалған тәртiппен медициналық комиссиядан өткiзу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына (келiсiм бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери есепке тұрудан жалтарған әскерге шақыру жасына дейінгілерді iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛІСІЛДІ: «Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________Мендикулов Альберт Ақылбекұлы «____»________2011 жыл «Қазығұрт ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекетік мекемесі бастығының міндетін атқарушы ___________________Сахов Құрманбек Сатымбекұлы «____»________2011 жыл «Қазығұрт аудандық орталық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері ___________________Алтенов Данияр Сабырұлы «____»________2011 жыл