Об организации приписки к призывному участку в 2012 году Қолданыста
Басқа 0
2012 жылы шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылы қаңтардан наурызға дейін "Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу заңда белгіленген тәртіпте өткізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Нұра ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ Қ. Жолболдин
23.11.2011 жыл