О проведении приписки граждан на призывном участке отдела по делам обороны Каркаралинского района в 2012 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды "Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. "2011 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімінің 2010 жылдың 20 желтоқсандағы N 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-13-91 болып тіркелген, 2010 жылдың 25 желтоқсанда "Қарқаралы" газетінің N 103-104 (10915) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.