Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области" в январе-марте 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркелетін жылы он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге, нарядты білім беру ұйымдарына жеткiзсін;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялансын.
Тармақ 3
3. Селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың дер кезінде келуін хабарласын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Б. Берекетов