Об организации и обеспечении в январе-марте 2012 года приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района Акмолинской области" Қолданыста
Басқа 0
Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімінің осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К. Ағымбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
«Ақмола облысы Есіл
ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Меңбаев Жанбота Хамитұлы