Об организации и обеспечении в январе-марте 2012 года приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге» сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар–наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Кантемиров