Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы
мемлекеттік мекемесінің бастығы"
__________ Қ. Төлеубаев
Басқа 3
Мәслихаттың
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 451 шешімімен бекітілген
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкалары
№
Арнайы су пайдаланудың түрі
Өлшем
бірлігі
Төлемақы
ставкалары
(теңге)
1.
Тұрғын үй-пайдалану және
коммуналдық қызметтер
1000 текше
метр
80,78
2.
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын
қоса
1000 текше
метр
230,43
3.
Ауыл шаруашылығы
1000 текше
метр
63,57
4.
Су көздерінен су алуды жүзеге
асыратын тоған шаруашылықтары
1000 текше
метр
63,57
5.
Су көздерінде балық аулайтын
балық шаруашылығы, тұтынушылар
1 тонна
164,21