Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, достигшим в 2012 году семнадцатилетнего возраста к призывному участку Отрарского района Қолданыста
Басқа 0
2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Отырар ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туылған 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
2. 1995 жылы туылған жастарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:
Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Абилаханова Сымбат Муталханқызы
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшелері:
Әлімқұлов Мұрат Әлімқұлұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы
аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Игілікова Құндызай Уалиханқызы
аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Отырар аудандық емханасына (бас дәрігер Ш.Құрманбекова – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 1995 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша тіркелушілерді жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тіркелушілерді жалпы анализ тапсырудан, электрокордиологиялық және флюорографиялық тексеруден уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бөлім бастығы Б.Ошақбаев – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге алу кезінде Отырар аудандық білім бөлімімен бірлесіп, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
Тармақша 2
2) тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2012 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Отырар аудандық білім бөлімі (бөлім бастығы - Ж.Көлбай) және ауыл округтерінің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақырылушы жастардың тізімдерін және құжаттарын Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы таратылуын бақыласын;
Тармақша 2
2) бекітілген кестеге сәйкес тіркелушілерді белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындықты оқытушы – ұйымдастырушылары мен әскери есеп столының мамандары арқылы ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Отырар аудандық ішкі істер бөліміне (бөлім бастығы Қ.Жандарбеков – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсету;
Тармақша 2
2) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы мүшелерінің және медициналық қызметкерлердің шақыру учаскесінде жұмыс істеу уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
«___» ____________2011 жыл
Жандарбеков Қажымұхан Әметұлы
Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
«___» ____________2011 жыл
Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы
Отырар аудандық емхананың бас дәрігері
«___» ____________2011 жыл
Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы