Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку в 2012 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызда аудан аумағында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен бірлесіп: әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге оқу орындарына наряд жеткізу; бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқутышыларды әскери оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдарымен қамтамасыз ету; аудандық газет арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беруі ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛIСIЛДI: Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ___________________ Д. Абдуллаев "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ Е. Смағұлов