Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку с января по март в 2012 году Қолданыста
Басқа 0
Тізімге алу жылында он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тізімге алу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тізімге алу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тізімге алу бойынша іс-шараны өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Рудный қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Ғ. Шалтықов