Об организации и обеспечении в январе-марте 2012 года приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге» сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтарда-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Аршалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ақшинеевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы Аршалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.С. Нұркеев