Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Теректинском районе Қолданыста
Басқа 0
Теректі ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. М. Сабировқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. И. Кожангалиев
20.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. С. Сагинов
20.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________М. А. Утешев
20.12.2011 ж.