Об определении целевых групп населения на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақ 2
2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шымкент қаласының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
Тармақша 1
1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
Тармақша 2
2) елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 3
3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
Тармақша 5
5) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
Тармақша 6
6) жұмыссыз әйелдер;
Тармақша 7
7) өз бетінше жұмыспен айналысушылар.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралар көздесін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.