Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку Мактааральского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Мақтаарал ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Мақтаарал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері Мақтаарал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезеңінде шақырылушыларды хабардар етуді ұйымдастырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесіне шақыру жөнінде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 4
4. «Жетісай» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері мен «Атакент» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісімдері бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен құралымдарда әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережелерінде айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Мақтаарал ауданының ішкі істер басқармасының бастығына (келісімі бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін дәлелді себептерсіз әскери есепке қоюдан жалтарған әскерге шақыру жасына дейінгілерді іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мақтаарал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы __________________ Аяпов Әкім Серікбайұлы 30 желтоқсан 2011 жыл Мақтаарал ауданының ішкі істер басқармасының бастығы __________________ Адилов Асылхан Қозыкеұлы 30 желтоқсан 2011 жыл «Жетісай» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ___________________ Утеулиева Бағила Құралқызы 30 желтоқсан 2011 жыл «Атакент» Мақтаарал аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ___________________ Цой Анатолий Григорьевич 30 желтоқсан 2011 жыл