Об организации общественных работ на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды каржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Ш. Әбілқасымов) аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Қасабеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б. Рысқұлбековке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшісінің бастығы
Е.Ахтамбердиев
29 желтоқсан 2011 ж.
«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К.Нурдинов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі
ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ж.К.Сатылғанов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің
Меркі ауданы бойынша салық басқармасы»мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ш.Б.Бегасылов
29 желтоқсан 2011 ж.
«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы»
А.К.Жүсіпов
29 желтоқсан 2011 ж.
Басқа 7. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі
Меркі ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 585
қаулысына № 1 қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Меркі ауданы аумағындағы мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Меркі ауданы Акарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. «Меркі ауданы Актоган ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8 «Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. «Меркі ауданы Акермен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. «Меркі ауданы Рыскұлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. «Меркі ауданы Жанатоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. «Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. «Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. «Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. «Меркі ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекетті мекемесі;
Тармақ 19
19. «Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. «Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 21
21. «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 22
22.«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Меркі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 24
24. «Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің Меркі ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 25
25. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесі;
26. Меркі ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 27
27. «Жамбыл облыстық ішкі істер Департаментінің Меркі аудандық ішкі істер бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
Басқа 31. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Меркі ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 585
қаулысына № 2 қосымша
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№
Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс жағдайлары
Көлемі
Қаржы көздері, ақының мөлшері
Сұраныс
Ұсыныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалау
2.Қоқыс шығару
3.Бағаналарды сырлау
4.Аялдамаларды сырлап,әктеу
5. Гүл егу және оны күту.
6.Тал егу оны күзету,суғару
7.Талдардың түбін әктеп ретке келтіру
Қажеттілігіне
сәйкес
26158,00
жергілікті
бюджеттен
160
160
2
Аудандық және аумақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
1.Сауалнама жүргізу
2.Санақ жұмыстарына қатысу
3.Әскерге шақыру комиссиясы-на көмек көрсету
Қажеттілігіне
сәйкес
26158,00
жергілікті
бюджеттен
40
40
Барлығы
200
200